Ақтаудағы ұшақ апаты: халықаралық сарапшылар оқиға орнын тексеруге дайын

15:13, 29 желтоқсан 2024

© Сурет: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 29 желтоқсанда Ақтауда Әзербайжан әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау себептерін зерттеуге келген 17 халықаралық сарапшының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігіне қарасты комиссияны Марат Қарабаев басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары, тергеу жөніндегі уәкіл — көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу Департаментінің директоры Нұржан Малаев.

Министрлікке қарасты бұл Комиссия Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссияның құрамына кіреді.

"ҚР Көлік министрлігі Комиссиясының басты мақсаты — авиациялық оқиғаның себебін анықтап, болашақта осындай жағдайды алдын алып, болдырмау үшін ұсынымдар әзірлеу. Бүгін Марат Қарабаевтың төрағалығымен штабта барлық 17 халықаралық сарапшының қатысуымен жиналыс өтті. Комиссия жұмыс жоспарын нақтылады", - деп хабарлады Көлік министрлігі.
Ақтаудағы ұшақ апаты: халықаралық сарапшылар оқиға орнын тексеруге дайын, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2024 15:13

Сурет: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барып, апатқа ұшыраған әуе кемесінің элементтері жиналатын арнайы ангарды қарайды.

Әуе кемесінің элементтерін жинайтын күн бірлесе бекітіледі.

Ақтаудағы ұшақ апаты: халықаралық сарапшылар оқиға орнын тексеруге дайын, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2024 15:13

Сурет: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатын халықаралық 17 сарапшы зерттейтінін хабарлаған едік. Бүгін, 29 желтоқсанда Ақтауға арнайы бақылаушы — авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон да ұшып келді.

Ақтауда ұшақ апаты салдарынан ауыр жарақат алған 20 жастағы қырғызстандық Ринат Асанов есін жиды. Қазір жас жігіт Маңғыстау облыстық ауруханасында, онда оның тағы екі жерлесі ем алып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!