Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 млн теңгеден сатып алмақ болған
© Сурет: pixabay
Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 миллион теңгеден сатып алмақ болған. Сөйткен олар барлығы 12 киіз үйге тапсырыс бермек болыпты. Алайда, шенділердің бұл ретте жолы болмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымен әлеуметтік желіде мемлекеттік сатып алулар сайтынан алынған аталған факті жылдам тарап, қоғамның наразылығын туғызды. 12 киіз үйге әкімдік қызметкерлері 81 млн теңге жұмсамақ болған. Қадағалау органының қызметкерлері жекелей зерттеу жүргізіп, мұндай тауарды 6 млн 750 мың теңгеге емес, 1, 5 - 2 миллион теңгеден де сатып алуға болатынын анықтады, деп хабарлайды Astana.tv.
"Біздің ұсынысымызды қарау үшін әкімдік қызметкерлеріне бір ай уақыт берілді, осы мерзім өткеннен кейін олар бізге киіз үй бағасын анықтаған адамға қатысты қандай шаралар қабылдағаны туралы жазбаша жауап беруге міндетті. Іс-әрекеттер тәртіптік комиссияда қаралатын болады. Былайша айтқанда, жауапкерге қандай жаза тағайындалатынын қала басшылығы шешеді". Альберт Есмұрзаев, Ақтау қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры
Бұған дейін сайтымызда Солтүстік Қазақстан облысында букмекерлік кеңселерде бәс тіккен шенеуніктер жұмыстан қуылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 22 наурыз 2025
«Қар жауады, найзағай ойнайды». Еліміз бойынша 23 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
17:23, 22 наурыз 2025
Польшада Dimash радиосы Наурыз мейрамында мерекелік хабар таратты
-
16:49, 22 наурыз 2025
LRT құрылысына байланысты елорда тұрғындарына қосымша ескерту жасалды
-
16:31, 22 наурыз 2025
Еуразиялық банк пен ERG компаниялар тобының егесі Александр Машкевич дүние салды
-
15:59, 22 наурыз 2025
Трамп әлемдегі ең қымбат атқыш ұшақты жасап шығуға тапсырыс берді
Танымал жаңалықтар
-
21:59, 21 наурыз 2025
-
21:44, 21 наурыз 2025
-
22:54, 21 наурыз 2025
-
22:20, 21 наурыз 2025
-
09:57, 22 наурыз 2025
-
09:18, 22 наурыз 2025
-
10:26, 22 наурыз 2025
-
09:31, 22 наурыз 2025
-
10:14, 22 наурыз 2025
-
11:20, 22 наурыз 2025
-
11:34, 22 наурыз 2025
-
12:10, 22 наурыз 2025
-
12:25, 22 наурыз 2025
-
14:10, 22 наурыз 2025
-
13:44, 22 наурыз 2025