«Ақтауда отшашу атқандар біреудің үйін өртеді». ТЖМ түсініктеме берді
© Фото: zakon.kz
Маңғыстау облысының ТЖД әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты түсініктеме берді. Видеода отшашу атамын дегендер үйді өртегені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары аулада отшашу атқаны, соның салдарынан пәтер өртенді-мыс деген мағынада видео тарауда. Видеода мұны балалар жанұшыра айқайлап айтады.
Өрт сөндірушілер аталған видеоны зерттеп, оқиға орнында болып қайтты. Сөз етілген жайт Ақтаудың жетінші ықшам ауданында болған.
"Аталған факт туралы 101-112 нөмірлеріне қоңырау келіп түскен жоқ. Видеоны зерттей келе, оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Бұл жағдай екі сағат бұрын болғаны, тұтанған от алапат өртке ұласпағаны анықталды. ТЖД күштері мен құралдары тұрақты орналасу орнына қайта оралды". Маңғыстау облысы ТЖД
Посмотреть эту публикацию в InstagramИсточник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 13:34, 4 қаңтар 2025
Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды
- 13:16, 4 қаңтар 2025
Әли Оқапов жақсы жаңалығымен бөлісті
- 13:03, 4 қаңтар 2025
Майамиде полиция қызметкерін ұрып-соққаны үшін Олимпиада жүлдегері қамауға алынды
- 12:50, 4 қаңтар 2025
Мексикада төрт турист оққа ұшты
- 12:38, 4 қаңтар 2025
Гонконг робототаксиді іске қосуды жоспарлап отыр