Ақтауда мектеп асханасы жабылды

10:55, 4 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Маңғыстауда Бейнеу ауданының оқушылары астан уланған.

Денсаулық сақтау министрлігі Манашы жалпы білім беретін мектебінің 12 оқушысының тамақтан улану дерегі бойынша тексеру басталғанын жеткізді.

Осы оқиғаға байланысты мектеп асханасы жабылып, санитариялық-профилактикалық шара ұйымдастырылған.

Әкімдіктің жанынан штаб құрылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал, уланған 9-12 жас аралығындағы жасөспірімдер дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!