Ақтауда ірі көлемдегі есірткі партиясын тасымалдау әрекеті тоқтатылды
© Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысында аса ірі көлемдегі есірткіні жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, ІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген, каннабис тобына жататын аса ірі мөлшердегі есірткіні жеткізудің тұрақты арнасын жапты.
"Мамыр айының соңында Ақтау қаласында есірткінің заңсыз айналымына күдікті ер адам ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гашиш есірткісі салынған төрт пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт килограмнан астам. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деп мәлімдеді спикер.
Бұл ретте, ведомство есірткінің заңсыз айналымының кез келген фактісіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шара қабылданатынын ескертеді.
Бұған дейін Шымкент – Астана рейсінің ұшақ бортында 7,6 млн теңге қолды болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:02, 17 шілде 2026
Мемлекет басшысы Қытай Үкіметіне ұсыныс жасады
-
13:56, 17 шілде 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ЖИ-ді дамытудағы стратегиялық артықшылықтарына тоқталды
-
13:51, 17 шілде 2026
Қазақстан президенті көптеген мемлекеттің өзекті мәселесін көтерді
-
13:45, 17 шілде 2026
Тоқаев Си Цзиньпинді тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп атады
-
13:32, 17 шілде 2026
«Барша адамзат игілігіне қызмет ететін ЖИ»: Тоқаев Шанхайдағы Дүниежүзілік конференцияда не айтты





