Ақсу қант зауыты қайта іске қосылады
Жетісу өңірінде қант қызылшасын өсірудің жандана бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ.
Бас-аяғы екі-үш жылда егіс алқаптарының көлемі 9 мың гектарға жетті. Диқандар байырғы дақылды баппен өсіріп, отандық қантты көптеп өндіруге барын салып жатыр. Көксу қант зауыты толық жаңғыртудан өтсе, енді бірер айдан соң Ақсу қант зауыты көп жылдық үзілістен кейін жұмысын қайта бастамақ.
Ақсу қант зауыты 10 жыл бойы тоқтап тұрды. Осы уақыт аралығында аймақта қант қызылшасын өсірудің мәнісі кете бастады. Өйткені оның тағдыры өңдеуші кәсіпорынға тікелей байланысты еді. Зауытты іске қосудың қам-қарекеттері жасалғанымен оңтайлы инвестор табылмай, талай уақыт рәсуа болды. Биылдан бастап отандық инвестор қолға алып, кәсіпорынға жан біте бастады. 6 млрд теңге жұмсалып, кем-кетік түгенделіп жатыр. «Қазір зауыттың 80 пайызы дайын», – дейді мамандар.
Владимир Юшков, зауыттың бас инженері:
-Жоспар бойынша зауытты желтоқсан айында іске қоспақшы едік, бірақ ол кезде күн суытып кетеді. Құбырлар жарылып кетуі мүмкін. Уақытша алаңда жатқан қызылша да сапасын жоғалтады. Сондықтан барлық мүмкіндікті жұмылдырып, қазан айының соңында жұмысты бастағалы отырмыз.
Бұл Жетісу жеріндегі ең үлкен зауыт еді. Өзінің қалыптасқан мамандары болған. Солардың бірі бас инженер – 74 жастағы Владимир Юшко кәсіпорынды қайтадан жүргізуге үлес қосамын деп барлық жұмыстың басы-қасында жүр. Қажет мамандар ұжымға қайта оралуда.
Иманқұл Көккөзов, цех бастығы:
-Азаматтарымыздың бәріне жұмыс табылып жатыр. Анау Астанада жүргендерді сырттан шақырып жатырмыз. Олар жұмысын жасап жатыр. Айлықты уақытылы алып жатырмыз. Не керек, бәрі бар. Жұмыс жасау керек.
Бүгінде өңір диқандары да үлкен үмітте. «Мәпелеп өсірген өнімдеріміз ел кәдесіне жарайтын болды», – деп қуанады көршілес Сарқан ауданының азаматтары.
Талғат Байкүрішев, шаруа қожалығының жетекшісі:
-Ақсу қант зауыты іске қосылады деп жатыр. Іске қосылса бізге жеңіл, өте қуанышты болар еді. Былтырғы көрген қорлығымыз – желтоқсанның 20-сына дейін аяққа әзер көтерілдік. Енді мынау істеп кетсе, тасымалдау жағынан өте тиімді.
Тілеуқабыл Мыңжасар, тілші:
-Енді бір айдан кейін қант қызылшасын жинау науқаны басталады. Алғашқы өнімдер мына алаңдарға әкеліп төгіледі. Оның барлығы қазір дайындалып жатыр. Ал қазан айының соңында зауыттың өзі толықтай іске қосылады.
Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





