АҚШ жеті елдің азаматтарына елге кіруге толық тыйым салмақ
© Фото: unsplash
АҚШ Буркина-Фасо, Мали, Нигер, Оңтүстік Судан, Сирия, Лаос және Сьерра-Леоне елдерінің азаматтары үшін елге кіруге толық тыйым енгізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұған дейін Лаос пен Сьерра-Леоне азаматтарына қатысты тек ішінара шектеулер болған, алайда енді аталған елдердің азаматтарына АҚШ-қа кіруге мүлде рұқсат берілмейді.
Сонымен қатар, тағы 15 елдің азаматтарына виза беруге ішінара шектеулер енгізіледі. Бұл елдердің қатарында Ангола, Антигуа және Барбуда, Бенин, Кот-д’Ивуар, Доминика, Габон, Гамбия, Малави, Мавритания, Нигерия, Сенегал, Танзания, Тонга, Замбия және Зимбабве бар.
Осы ретте Вашингтон Түрікменстан азаматтарына қатысты бейиммиграциялық визаларға қойылған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады. Алайда иммиграциялық визаларға салынған шектеу күшінде қалады. Ақ үйдің жазуынша, Түрікменстан билігі АҚШ-пен конструктивті түрде ынтымақтасып, айтарлықтай ілгерілеу көрсеткен.
Қараша айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамп "үшінші әлем елдерінен" АҚШ-қа келетін көші-қон ағынын тоқтатуды көздейтінін мәлімдеген болатын. Ол АҚШ азаматы болып табылмайтын адамдарға берілетін барлық федералдық жеңілдіктер мен субсидияларды жоятындығын, сондай-ақ "қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін" мигранттарды азаматтықтан айыратынын атап өткен еді.
Бұған дейін Дональд Трамптың BBC-ге қарсы сотқа жүгінгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:53, 17 желтоқсан 2025
Таразда полицейлер есірткіні жасырын қойып кетушіні қолға түсірді
-
12:45, 17 желтоқсан 2025
Әлемдегі алмаз қоры қашан таусылатындығы болжанды
-
12:31, 17 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы «таза көмір» технологиясына тезірек көшуді тапсырды
-
12:20, 17 желтоқсан 2025
Президент: Энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты
-
12:11, 17 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласына үлес қосқан азаматтарды марапаттады





