АҚШ-тың Иранды жазалағаны бізге жақсы

09:13, 24 маусым 2019

Иранды АҚШ жазалағаны бізге жақсы, деп пайымдап отыр саясаттанушы Әзімбай Ғали, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, жағдай былай:

– Құтырған шия діндегі Иранның империялық моллалар режимі – өлкелік империя. Иранда аз санды әзірбайжандарды, күрділерді, хазарларды молдалар тоталитаризмі жаншып келеді. Иранда парсылар 53% пайыздан аспайды. АҚШ өз одақтасы Израильдің тағдырына елеңдеулі. Иран кез келген көрші мемлекетке өз ядролық қаруын сынауы мүмкін. Ал АҚШ Иранды соғып ыдыратса, жеке жаңа мемлекеттер пайда болуы мүмкін, мәселен, күрділер егемендік алуы ықтимал. Ал 20 миллион әзірбайжан егемен Әзірбайжанға қосылуы әбден мүмкін, – дейді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!