АҚШ-тағы президент сайлауы: кейбір штаттарда мерзімінен бұрын дауыс беру басталып кетті
© Сурет: unsplash
АҚШ-та 2024 жылдың 5 қарашасында өтуі тиіс президенттік сайлауға бір айдан астам уақыт қалды, бірақ кейбір америкалықтар кандидаттарға дауыс беру үшін алдын ала кезекке тұруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Америка дауысының" хабарлауынша, кейбір штаттарда мерзімінен бұрын дауыс беру 20 қыркүйекте басталып кетті.
"Жұма күні АҚШ-тың Вирджиния, Оңтүстік Дакота және Миннесота штаттарында мерзімінен бұрын жекелей дауыс беру басталды. Сайлаушылар вице-президент Камала Харрис пен бұрынғы президент Дональд Трамптың екеуінің біреуін таңдайды", - деп жазады басылым.
Жекелей дауыс беру соңғы екі айда демократтар атынан түсетін кандидатты айқындауда Харрис пен президент Джо Байденнің арасындағы тартысты науқанның аяқталғанын білдіреді, ал Трамп өзіне жасалған екі қастандық шабуылынан басын арашалап қалды: біріншісі - Пенсильванияда, екіншісі өткен жексенбіде - Флоридадағы гольф клубында.
Елдегі 50 штаттың әрқайсысының дауыс беру процедуралары бар: пошта арқылы немесе жекелей мерзімінен бұрын дауыс беру, сайлау күні дауыс беру немесе осы үш тәсілдің жиынтығы. Сайлаушылар келесі президентті таңдап қана қоймай, сондай-ақ жергілікті және аймақтық сайлауда да дауыс береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:05, 21 қыркүйек 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды құттықтап, жеделхат жолдады
-
10:38, 21 қыркүйек 2024
Түркістан облысында түрмедегілер бүлік шығарды
-
09:58, 21 қыркүйек 2024
Сауд Арабиясында су тасқыны болып жатыр
-
09:44, 21 қыркүйек 2024
WhatsApp-тағы хабарлама. Денсаулық сақтау басқармасы қауіпті дәріге қатысты түсініктеме берді
-
09:12, 21 қыркүйек 2024
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады