АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту: өз еркімен шықпаса, не күтіп тұр

© Сурет: Instagram/kz_in_usa
Кеше түнде Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Америкада заңсыз жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдік азаматтарға "CBP Home" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз еркімен елдеріне оралуға шақыруда екеніне назар аударамыз", - делінген хабарламада.
"CBP Home" мобильді қосымшасы арқылы өз еліне қайтатын азаматтарға келесі мүмкіндіктер берілмек:
- Азаматтың өзі қалаған рейспен ерікті және қауіпсіз түрде елге оралу мүмкіндігі бар;
- АҚШ-та жұмыс істеп, тапқан қаражаты азаматтың өзінде қалады;
- Құзырлы органдар тарапынан қамауға алынбайды және мәжбүрлі депортациясыз өз еліне оралады;
- Әуе билетін сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қаржылай субсидия алу мүмкіндігі беріледі;
- Болашақта заңды түрде АҚШ-қа қайта келу құқығына ие болады.
Өз еркімен елдеріне қайтпаған жағдайда төмендегі шараларды қолдану жоспарланып отыр:
Жедел түрде депортациялау. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (DHS) қызметкерлері ешбір дайындықсыз, азаматтарды жедел түрде қамауға алатын болады;
Айыппұлдар мен санкциялар. Егер азамат депортация шешімі бола тұрып, еліне қайтпаған болса оған тәулігіне 998 АҚШ долларын құрайтын айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл салу ретроспективті түрде, яғни бес жыл бұрын елден кету туралы сот шешімі шыққан азаматтардан өндіріледі (бұл жағдайда айыппұл шамамен 1 миллион долларға дейін баруы мүмкін). Айыппұлды төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда заңсыз жүрген шетелдіктерге тиесілі жылжымайтын және басқа да мүліктерін мемлекет меншігіне алу тәсілі қарастырылады.Сонымен қатар, "CBP Home" арқылы қайтатынын білдіріп, еліне оралмаған азаматқа 1000-5000 доллар көлемінде қосымша айыппұл салынады;
АҚШ-қа қайта келуге тыйым салынады. АҚШ аумағына заңды түрде қайта кіру құқығынан көші-қон жүйесі арқылы бас тарту.
Осыған орай, Елшілік жағымсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қазақстандық азаматтарды АҚШ билігі ұсынылған мүмкіндікті пайдалануға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 13 мамыр 2025
Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен әкімнің соты басталды
-
22:44, 13 мамыр 2025
Маңғыстау облысында жол апатынан бес жасөспірім зардап шекті
-
22:07, 13 мамыр 2025
Астанада 9 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді
-
21:41, 13 мамыр 2025
43 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде ертең аптап ыстық болады
-
21:29, 13 мамыр 2025
Алматы облысында тұрғынды қомақты қаржыға алдап соққан күдікті ұсталды