АҚШ-та тасжолға қонған ұшақ Toyota Camry автокөлігімен соқтығысты

12:56, 10 желтоқсан 2025

© Сурет: Х/geotechwar

2025 жылғы 9 желтоқсанда Флорида штатында ұшақ тасжолға шұғыл қону жасап, Toyota Camry автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

People басылымының жазуынша, алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ қонуға жақындаған сәтте көлік оның жолына шығып қалған.

Автомобиль тізгіндеген әйел ауруханаға жеткізілді. Ал пилот пен ұшақ жолаушысы, зардап шекпеген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Трамптың Зеленскийге бейбіт келіссөздер бойынша талап қойғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!