Алматыда таулы аймақтарға түскен қарға байланысты түнгі уақытта жолға көктайғаққа қарсы қоспа себілді
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
8 желтоқсанға қараған түнi Алматының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қар жауып, күн суытты. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, 9 желтоқсанда жаңбыр, жабысқақ қар, тұман түсіп, желдің күшейіп, көктайғақ пайда болуы мүмкін.
Ал 10 желтоқсанға қараған түні қалада 6-9 см, ал таулы аймақта 15-20 см-ге дейін қар түсетіні болжанған.
Осыған байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. 8 желтоқсан түнінде көше-жол желісіне көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы қоспалар себілді. Жұмыс тәулік бойы ұйымдастырылып, арнайы техника мен жедел бригадалар жұмылдырылды.
Түнгі жұмыс барысында 1 000-нан астам арнайы техника, 2,7 мың жұмысшы және 75 жедел бригада кезекшілік атқарды. Еңісте, дөңде және көктайғақ жиі пайда болатын аймақтарға патрульдік бақылау күшейтілді. Алматы құтқару қызметі 15 техника мен 50 қызметкерді, Төтенше жағдайлар департаменті 53 техника мен 244 қызметкерді тартты.
Жұмыс барысында барлығы 553,4 тонна көктайғаққа қарсы материал қолданылды. Ең ауқымды жұмыс көктайғақ қаупі жоғары саналатын Бостандық және Медеу аудандарында жүргізілді.
Алматы әкімдігі, аудан әкімдіктері, Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, Полиция департаменті, "Алматы Тазалық" кәсіпорны және мердігер ұйымдар жолдың жайын тәулік бойы бақылап отыр. Алдағы күндері ауа температурасы төмендеген жағдайда магистральдық көшелерге қосымша қоспа себіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:01, 9 желтоқсан 2025
Астанада –30°С аяз: дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді
-
20:41, 9 желтоқсан 2025
Таразда қатарласын электронды темекі үшін өлтірген мектеп оқушысы сотталды
-
20:15, 9 желтоқсан 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчы: бастапқы құрам қандай
-
20:08, 9 желтоқсан 2025
Түркістан облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
-
19:59, 9 желтоқсан 2025
Көлік полицейлері мас жолаушыны пойыздан түсіріп, 5 тәулікке қамауға алды





