Қазақстанда әскери қызмет ережелері өзгереді: жаңа әлеуметтік кепілдіктер ұсынылмақ

16:43, 9 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстанда әскери қызмет өткеру саласындағы заңнаманы жетілдіру жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 2025 жылы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға мемлекеттік немесе әскери қызметтен теріс себептермен босатылған адамдардың келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдануына мүмкіндік беретін нормалар енгізілгенін еске салды.


"Сонымен бірге Мәжіліс алаңында құрылған жұмыс тобының аясында мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен әскери қызмет өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері қаралып жатыр. Оған әскерде жүрген ер азаматтардың бала күтімі бойынша демалыс алуы және әлеуметтік кепілдіктерді теріс пайдалану жағдайлары да кіреді", – делінген жауапта.

Консультативтік ортақ ұстаным қалыптасқаннан кейін қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесі тәртіпке сай пысықталатын болады.

Бұған дейін біз әскери қызмет өткеру ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!