Қарағандыда ер адам өзінің жұмыс орнынан 4,5 млн теңгенің мүлкін ұрлаған
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қарағандыдағы Жаңа-Майқұдық полиция бөлімшесіне қала ұйымдарының бірінің басшылығы ірі көлемдегі ұрлық туралы арызданды.
Ішкі тексеріс барысында кәсіпорыннан бейнепанельдің жоғалғаны анықталып, ұйымға шамамен 4,5 миллион теңге көлемінде материалдық зиян келген.
Жедел шаралар нәтижесінде полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол – осы ұйымның 44 жастағы қызметкері болып шықты.
Тергеу барысында ер адамның бейнепанель бөліктерін біртіндеп алып шығып, кейін толық жинақталған құрылғыны сатуды жоспарлағаны белгілі болды.
Ол тіпті бірнеше рет интернетке хабарландыру да жариялаған.
Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданады. Ұрланған бейнепанель тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іске тіркелді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:09, 10 желтоқсан 2025
Талдықорғанда есірткі граффитиін салушы ұсталды
-
13:58, 10 желтоқсан 2025
Жамбыл облысында 1 млн теңгеге жуық айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды
-
13:49, 10 желтоқсан 2025
2026 жылы Алматы бюджетінің кірісі 2,5 трлн теңгеге дейін өседі — Дархан Сатыбалды
-
13:37, 10 желтоқсан 2025
Павлодар облысында полицейлер 200-ге жуық шетелдікті елден шығарды
-
13:26, 10 желтоқсан 2025
Атақты зоолог, өмірін пілдерді қорғауға арнаған ғалым қайтыс болды





