АҚШ-та ішімдікке сылқия тойып алған жанат дүкенді қиратып, артынша дәретханада ұйықтап қалған

13:13, 4 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Вирджиния штатындағы шарап дүкеніне жанат кіріп, ішімдіктен дәм татқан. Одан кейін дүкен ішіне ойран салып, дәретханада ұйықтап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға жайлы 3 желтоқсанда Хановер округінің жануарларды қорғау қызметі Facebook парақшасында жазды. Белгілі болғандай, мекеме қызметкерлері Ashland ABC дүкенінен түскен шақырту бойынша барған.

Олар "күдіктінің" дүкенге кіріп, бірнеше түрлі ішімдіктен дәм татып, сөрелерді қиратып, дәретханада есінен танып қалғанын анықтаған. Оқиға орнындағы суреттерден ішімдіктің сынған бөтелкелерін көруге болады. Басқа бір фотода дәретхана жанында төрт аяғын созып, екбетінен жатқан жанат бейнеленген.

Қызметкерлер тәртіп бұзған жануарды мекемеге апарып, есін жиғаннан кейін оны қайтадан табиғатқа жіберген.

Бұған дейін тағы бір жанаттың ішімдікке мас күйде суға тұншыға жаздағанын жазғанбыз. Абырой болғанда, оны оқиға маңында жүрген медбике байқап, аман алып қалған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!