АҚШ-та әскери зауытта жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты
© Сурет: видеодан алынды
АҚШ-тың Теннесси штатында әскери зауытта жарылыс болды, бірнеше адам қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткендер де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News-тің хабарлауынша, Хамфрис округінің шерифі Крис Дэвис әскери мақсаттағы жарылғыш заттарды өндіруге маманданған Accurate Energetic Systems кәсіпорнында жарылыс шамамен сағат 7.45-те (Астана уақыты бойынша 17.45) болған.
"Бірнеше адам жоғалып кетті. Біз олардың кейбірі қайтыс болғанын растай аламыз", - деді шериф баспасөз мәслихатында.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келгенімен, зауытқа қарай беттей алмауда. Өйткені жарылыстар қайталануда. Сондықтан құтқару жұмыстары әлі басталған жоқ, деп нақтылайды Associated Press.
Accurate Energetic Systems АҚШ Қорғаныс министрлігі мен өнеркәсіптік нарық үшін әртүрлі жарылғыш қосылыстар мен арнайы өнімдер жасап шығарады.
American Press агенттігінің хабарлауынша, 19 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:19, 10 қыркүйек 2026
Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды
-
22:47, 10 қыркүйек 2026
Шалқарда 17 жастағы оқушының өлімі: сотталушы пышақты неге қолға алғанын айтты
-
21:50, 10 қыркүйек 2026
«Жаңбыр, бұршақ, тұман». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:24, 10 қыркүйек 2026
Салық органы сервистері 11 қыркүйекке қараған түні жұмыс істемеуі мүмкін
-
20:58, 10 қыркүйек 2026
Ақмола облысында жылқы баққан ер адам 4 жыл ішінде 70 млн теңгеге қарызға батқан





