Сыртқы келбетін өзгерткен қылмыскер сегіз жыл бойы іздеуде болған
© Фото: pexels
Түркия азаматы әйел кейпіне еніп, сегіз жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынған. Түрмеге қамалмау үшін ер адам сыртқы келбетін өзгертіп, туған әпкесінің жеке куәлігін пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Gulf News басылымының мәліметінше, ұрлық жасағаны және өзін лауазымды тұлға ретінде таныстырғаны үшін сотталған Тугрул Бар 2018 жылдан бері іздеуде болған.
Үш қылмыстық іс бойынша жазасын өтемеу үшін ол сыртқы келбетін түбегейлі өзгерткен. Шаш үлгісін, киім кию мәнерін өзгертіп, бетін бояған ер адам Стамбұл көшелеріне әйел кейпінде шығып жүрген.
"Полиция тексерісінен өту үшін қашқын туған әпкесінің құжаттарын үнемі көрсетіп отырған. Бұл айла тергеушілер Кадыкөй ауданында іздеудегі азаматтың қаржылық операцияларын анықтағанға дейін сәтті жүзеге асып келген", – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары әйелдің банк карталары арқылы жасалған күмәнді қолма-қол ақшасыз төлемдерге назар аударған. Деректерді талдау барысында құжат иесі шетелде жүрген кезде оның картасымен Түркия аумағында сауда жасалғаны анықталды.
Полиция күдікті тұрған мекенжайды бақылауға алып, арнайы операция кезінде әйел киіміндегі адамды ұстады. Полиция бөлімінде жүргізілген дактилоскопиялық сараптама ұсталған адамның Тугрул Бар екенін растады.
Қылмыскер бұрын тағайындалған жазасын өтеу үшін түрмеге жіберіледі. Сонымен қатар прокуратура құжаттарды қолдан жасау және өзгенің жеке куәлігін заңсыз пайдалану деректері бойынша жаңа қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін Бразилияда 21 жастағы блогер Эвелин Лима Дантас атып өлтірілген еді. Ол қамаудан босатылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң шабуыл құрбаны болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:29, 22 қыркүйек 2026
Қауіпсіздік белдігі, телефон және қарсы жолақ: ІІМ дрондары жол ережесін бұзғандарды анықтап жатыр
-
10:21, 22 қыркүйек 2026
Медеу маңында қорқынышты дауыс естіген туристер полиция мен құтқарушыларды шақырды
-
10:13, 22 қыркүйек 2026
Шенеуніктер үш жетім баланы тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған
-
10:04, 22 қыркүйек 2026
Қазақстанда шетелдіктердің тұрақты тұруына рұқсат беретін мамандықтар тізімі кеңейтіледі
-
09:56, 22 қыркүйек 2026
21 жастағы блогер қызды үйінен сүйреп шығарып, көшеде аяусыз өлтірген





