АҚШ доллары индексі соңғы төрт жылдағы ең төменгі деңгейге түсті
© Фото: Zakon.kz
АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қатысты өзгерісін көрсететін доллар индексі Лондондағы ICE биржасындағы сауда барысында 96,2 пункттен төмен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда деректеріне сәйкес, мұндай көрсеткіш соңғы рет 2022 жылғы 23 ақпанда тіркелген.
Қазақстан уақытымен 27 қаңтар күні сағат 21:38-де АҚШ доллары индексі 0,91 пайызға төмендеп, 96,175 пунктті құрады. Ал 22:08-де төмендеу қарқыны баяулап, индекс 96,229 пункт деңгейінде болды (–0,85%).
АҚШ доллары индексі америкалық валютаның алты шетел валютасынан тұратын қоржынға қатысты бағамын көрсетеді. Оған еуро, иена, фунт стерлинг, канадалық доллар, швед кронасы және швейцар франкі кіреді.
Индекс неғұрлым жоғары болса, доллар осы валюталарға қатысты соғұрлым нығая түскенін білдіреді.
Бұған дейін "Бай әке, Кедей әке" кітабының авторы алтын бағасына қатысты болжамын айтқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:47, 28 қаңтар 2026
Қазақстанда мұнай, газ және көмір қоры қанша жылға жетеді
-
15:32, 28 қаңтар 2026
«Ұсталғанға дейін жұмыстан шығып кеткен»: ҰҚК Алматы облысындағы әкім орынбасарына қатысты тергеуді растады
-
15:26, 28 қаңтар 2026
Қазақстанда ислам банктері кеңесінің басшылары мен мүшелеріне қойылатын талаптар әзірленді
-
15:11, 28 қаңтар 2026
Президент қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін ҚМА қызметкерлерін марапаттады
-
15:11, 28 қаңтар 2026
Президент қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін ҚМА қызметкерлерін мемлекеттік наградамен марапаттады





