Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды

17:23, 1 қыркүйек 2023

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оған мәдениет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа министрлікке:

  • тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
  • кинематография;
  • мемлекеттік рәміздер;
  • мұрағаттық және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету; электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағат;
  • ономастика саласында;
  • шығармашылық салалар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен беріледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!