Ақорда Тоқаевтың ардагерлер ұйымының басшысымен не туралы сөйлескенін жариялады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы республикалық "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысы аға буынды Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда жастарды нашақорлық, лудомания секілді әлеуметтік кеселдерден сақтандыру, отбасы институтын дәріптеу ісіне белсенді атсалысуға шақырды.
Өмірзақ Озғанбаев Президентке ауылдық жерлерді дамытуға қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ "Ардагерлер ұйымының" бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 20 қыркүйек 2024
Оралда пәтерде қамаулы қалған екі бала құтқарылды
-
22:16, 20 қыркүйек 2024
Көшеде кіші дәрет сындырған елордалықтың басы дауға қалды
-
22:04, 20 қыркүйек 2024
Ақтөбеде көпбалалы кейуана өзінен теріс айналған сегіз баласын сотқа берді
-
21:41, 20 қыркүйек 2024
Астанада «Сергек» камерасы өртенді
-
21:35, 20 қыркүйек 2024
БҚО-да 59 жастағы науқас аудандық аурухананың жеделсаты шахтасына құлады