Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 150 млн теңгеден астам бюджет қаржысы жымқырылған
© Фото: freepik
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "НИКС Инжиниринг Групп ИВ" ЖШС арасында 500 миллион теңгеден астам сомаға құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалған.
Алайда мердігер ұйым құрылыс бөлімінің басшысының көмегімен үш жыл бойы іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны негізсіз ұлғайтылған жалған қабылдау актілерін рәсімдеген.
Нәтижесінде мемлекетке 152 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 100 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды. Мердігерге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 26 тамыз 2026
Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды
-
22:32, 26 тамыз 2026
«Дауыл тұрып, тұман түседі». Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:56, 26 тамыз 2026
Еліміздің 232 азаматы «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының иегері атанды
-
21:48, 26 тамыз 2026
Павлодар облысында тау басынан бес адам эвакуацияланды
-
20:46, 26 тамыз 2026
Отандық баспа ісінің ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Альмира Үмбетқызы дүниеден озды





