Ақмола облысында 22 мың гектардан астам жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
© Сурет: freepik
Ақмола облысында кадастрлық құны 323 млн теңгені құрайтын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысының прокурорлары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Мысалы, қазіргі таңда Біржан сал ауданының прокуратурасы "Жайылымдық жерлерді ұлғайту" жобасын жүзеге асыруда.
"Жоба аясында аудандағы жер пайдаланушылардың едәуір бөлігі ұзақ уақыт бойы Жер кодексін бұза отырып, жер телімдерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды. Жол берілген заң бұзушылықтарға байланысты Біржан сал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 323 млн теңгені құрайтын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды".Ақмола облысының прокуратурасы
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерге пайдалануға беруге бағдарланды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда, сонымен бірге жер пайдаланушылардан пайдаланылмай жатқан жер телімдерді өз еркімен қайтаруға қосымша назар аударылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:20, 14 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Исабаевтың есебін тыңдады
-
13:13, 14 сәуір 2026
«Біз заңды бұздық, бірақ…»: Эльмира Төлегенова сотта жылап, кінәсін ішінара мойындады
-
13:06, 14 сәуір 2026
Сәуірдің басында банк шоттарының жаппай бұғатталуына не себеп болды
-
12:54, 14 сәуір 2026
Энергетика министрлігінде бензин бағасының біртіндеп өсуі болжанды
-
12:42, 14 сәуір 2026
Астанадағы өртке байланысты құрылыс нормаларын жетілдіру мәселесі көтерілді





