Ақмола облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты

17:51, 26 қазан 2024

© Сурет: видео скрині

Ақмола облысының өрт сөндірушілері жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақкөл ауданы Новорыбинка ауылы Ескі ауыл көшесі бойында жеке тұрғын үйде өрт шықты.

"Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының нәтижесінде 25 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!