Алматы облысында тауда адасып кеткен екі дос табылды

09:23, 27 қазан 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ

Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, бірақ төменге түсерде қайтар жолды таппай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, адасып қалған екі дос ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұраған.

"Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесе ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде екі жас "Панорама" шыңында құтқару лашығынан табылды", делінген хабарламада.

Іздеу-құтқару жұмысы, тау, Алматы облысы, Фурманов шыңы, екі жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 09:23

Сурет: ҚР ТЖМ

Жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!