Израиль шабуылы: Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады

11:47, 27 қазан 2024

© Сурет: pixabay

Ресми Тегеран Иранға Израильдің шабуыл жасауына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі мәлімдеді.

Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке хат жолдады.

"Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасынан осы ауыр заңбұзушылықты және заңсыз әрекеттерді қарастырып, бұл қылмыстық режимді жауапкершілікке тарту үшін шұғыл отырыс өткізуін сұрайды", делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кетсек, 2024 жылдың 26 қазанына қараған түні Израиль Иран әскери нысандарына әуеден соққы берді. Иран президенті шабуылға жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!