Air Astana жолаушылар ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтауға шұғыл қонды
© Сурет: Zakon.kz
8 қаңтарда Алматы - Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Ақтау қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Air Astana компаниясының мәліметінше, Airbus A321 ұшағы Алматыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 08:35-те ұшып шыққан, алайда орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы анықталғандықтан экипаж жоспардан тыс қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті, жолаушылар мен экипаж арасында зардап шеккендер жоқ.
Алматыдан қосалқы бөлшекті жеткізу қажеттілігіне байланысты рейс 9 қаңтарға ауыстырылды, жоспарланған ұшу уақыты — 09:20. Рейс жолаушыларына тамақтану және қонақ үйде тұру мүмкіндігі ұсынылатыны нақтыланады. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қабылданды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:13, 9 қаңтар 2025
Сенат ЕАЭО кеңістігінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялады
-
10:57, 9 қаңтар 2025
Полиция Нельсон Манделаның немересін тұтқындады
-
10:46, 9 қаңтар 2025
Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
10:38, 9 қаңтар 2025
«Заң және тәртіп» идеологиясы: Жамбыл облысындағы студенттердің бастамасымен тәрбиелік форум өтті
-
10:31, 9 қаңтар 2025
Түркияда оқу ұшағы апатқа ұшырады