Air Astana Дубай әуежайын су басуы салдарынан ауыстырылған рейстер туралы ақпаратты жаңартты

11:23, 17 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Air Astana әуекомпаниясы бүгін, 2024 жылғы 17 сәуірде Дубайдан келетін рейстерге қатысты жаңартылған ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana хабарлағандай, әуеайлақтың су басуына байланысты 16 сәуірдегі Дубай-Астана(KC206 ) және Дубай-Алматы(KC898) рейстері Дубай уақытымен бүгін, 17 сәуірде сағат 10.30 және 13: 10-да ұшуға жоспарланған.

"Жолдардың су шайып кетуіне байланысты жолаушыларды терминалға орналастырып, оларға тамақ, сусын және жамылғы берді.",-делінген авиакомпания хабарламасында.

Рейстердің мәртебесі сайтта қолжетімді.

Еске сала кетейік, Дубай әуежайын су алуына байланысты Алматы мен Астанаға қатынайтын рейстерді тоқтатты

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!