«Айна»: «Еуразия» Бірінші арнасында тағы бір жаңа жоба тұсауын кесті
© Сурет: видеодан алынды
"Еуразия" Бірінші арнасында тағы бірнеше жаңа жоба тұсауын кесті. Соның бірі - қоғам, адам тағдыры, әлеуметтік мәселелер мен саяси экономикалық үрдістерді айшықтайтын "Айна" ақпараттық сараптамалық бағдарламасы.
Бағдарлама барысында елдегі оқиғалар тереңінен зерттеліп, шешілмеген түйткілді мәселелердің шешімі зерделенеді.
Жамбылдағы жарылыстар
Мәселен, Жамбыл облысындағы трагедияның жаңғырығы әлі басылған жоқ, 60 жыл тыныш жатқан қойманың кенеттен жарылуының себебі әлі нақты айтылмады. Апат аймағындағы ахуалдың қазір қандай екендігін осы бағдарламадан көре аласыздар. Төтенше жағдай министрлігі өкілдері апат болған аудандағы қару кезең-кезеңімен, сынақтар жасау арқылы тексеріліп, ережеге сай сақталды деп пікір білдірді.
Офлайн білім: оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Сондай-ақ араға бір жарым салып, жаңа оқу жылында мектепке оралған оқушыларды не күтіп тұр? Онлайн мен офлайн жыры. Жаңа оқу жылының жаңалықтары қандай? Оқушылардың өздері қандай форматта оқығысы келеді? Осы сұрақтар мен оқушыларға онлайн мен офлайнды интеграциялау қажеттігін педагогика ғылымдарының докторы бағдарлама барысындағы сұқбатта жауап береді. Одан бөлек ҚР БҒМ Оқулық орталығының директоры Елдос Нұрланұлы арнайы эфирге келіп, қандай құрылымдық реформалардың жүргізіліп жатқандығын айтады. Ол "Сауат ашуды" тастап, қайтадан "Әліппеге" оралудың себептерін түсіндіреді. Оның айтуынша, есепсіз оқулық басып, қаражатты оңды-солды жаратуға тоқтау салу қажет.
Өнертапқыш жобасы: Нұр-Сұлтанның экология мәселесін шешуге жергілікті билік құлықты ма?
16 жастағы елордалық Нұртөре Арнұрұлы Есіл өзенін тазартудың жолын ұсынып отыр. Суы балдырға толып қалған өзен мәселесінің шешімі Нұрсұлтан билігінен қолдау таба ма? "Есіл маржаны" жобасының авторы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сыныпбында оқиды екен. Ұлулардың көмегімен Есілді тазартуға болатынын ол ұстазымен сынақтар жасаған соң түсінген. Өзен суының жағдайы өте нашар. Бағдарламада осы мәселеге де баса назар аудартылып, арнайы жолданған сауалға Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы Сағыныш Сағынтаев жауап береді әрі ол әкімдіктегілер бұл жобаға қызығушылық танытып отырғанын айтты.
Токиодағы сәтсіздіктер және паралимпиадашылар жеңісі!
Токиодағы сәтсіздіктер спорттағы жауапты тұлғалар үшін сабақ болды ма? Енді нені ескеру керек? Неліктен үміт артқан спортшылар төмен нәтиже көрсетті. Бағдарламада осы мәселе тереңінен сараланады. Олимпиадаға барған боксшыларымыздың өзінен пікір алынды. Паралимпиада чемпиондары да студияға қонаққа келді. Токиода мүмкіндігі шектеулілігіне қарамастан шексіз жігер танытқан жеңімпаздар студияға шақырылып, жақсы бір сұқбат алынды.
Дүрбелеңге бой алдырған Ауғанстан. Памирдің арғы жағында қазір соғып тұрған дауыл лебі бізге тие ме?
Бағдарламада біздің аймақтағы тұрақсыз елдің бірі - Ауғанстандағы жағдай да зерделенеді. Әсіресе, тәліптердің қыз-келіншектерді қорлау жайы қозғалады. Қарумен тәртіп орнатқысы келетін қара дүрсін күштер әсілінде мемлекет құра алатын ба еді? Памирдің арғы жағында қазір соғып тұрған үрей мен дауыл лебі бізге тие ме? Саясаттанушылардан осы сауалдарға пікір алынды. Тәліптер әмірлік құрып жатса, біздегі радикалдар үшін Ауғанстан тартымды ортаға айналмай ма? Бұл сұраққа саясаттанушы Расул Жұмалы жауап берді.
Ауғанстанмен арадағы алыс-беріс те зерделенді. Арадағы экспорт көлемі - 255 млн доллар шамасында екен. Қазір Ауғанстанға экспорт жасауда логистикалық проблемалар бар. Осы жайлы талдап талқылау үшін студияға үш сарапшы шақырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:03, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев One Water саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі
-
21:53, 3 желтоқсан 2024
Бейсембаев ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың қысқара бастағанын айтты
-
21:30, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
-
21:07, 3 желтоқсан 2024
Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген алаяқ қолға түсті
-
20:49, 3 желтоқсан 2024
Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды