Аида Балаева: Отандық кино өз көрерменін таба бастады
© Сурет: pixabay
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандық кино индустриясының қазіргі дамуы мен алдағы жоспарлары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, соңғы жылдары қазақстандықтардың ұлттық мәдениетке және отандық киноға қызығушылығы айтарлықтай артқан. 2024 жылдың өзінде ғана қазақстандық фильмдер прокаттан 22 миллиард теңгеден астам табыс әкелген. Бес жыл ішінде олар 300-ден астам халықаралық фестивальге қатысып, 177 марапатқа ие болған.
Биыл Қазақстан соңғы 30 жылда алғаш рет Канн қаласында өткен Marché du Film халықаралық кинонарығында өз стендін ұсынды. Сондай-ақ "Еуразия" халықаралық кинофестивалі қайта жанданды.
"Біздің мақсатымыз — фильмдеріміздің тек шетелдік фестивальдерге емес, өз көрерменімізге де жетуі", - деді министр.
Биыл қазақстандық кинотеатрларда "Тезек", "Фейковый Арман", "Қайтадан" сияқты 10 отандық фильм көрсетілді. Олардың ішінде "Қайтадан" фильмі 1 миллиард теңгеден астам табыс тауып, мемлекет салған қаражатты толық қайтарған.
Балаеваның айтуынша, енді жобаларды іріктеу кезінде сценариймен қатар, фильмнің көрерменге қаншалықты қызықты болатыны да ескеріледі. 2024 жылдан бастап мемлекет қолдауына ие болған әр фильм алдымен кинотеатрларда көрсетілуге тиіс, тек содан кейін онлайн-платформаларға шығарылады.
Министр тарихи және патриоттық бағыттағы туындылардың маңызын да атап өтті. Соның бірі — "Капитан Байтасов" фильмі, ол ерлік пен борыш алдындағы адалдықты насихаттайды. Сонымен қатар "Әлия" фильмі бойынша жұмыс жалғасатынын айтты.
Кино өндірісін ашық ету мақсатында е-Кино атты цифрлық платформа құрылып жатыр. Онда фильмдердің түсірілімі, табысы мен көрермен саны туралы деректер жинақталады. Қазірдің өзінде ел кинотеатрларының жартысы жүйеге қосылған.
Қолдаудың нәтижесінде мемлекет қаржыландырған 57 жобаның 40-ы жас режиссерлердің жұмысы, ал қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 75%-ға жеткен. Сонымен бірге "Қазақфильм" киностудиясына тікелей қаржыландыру бөлу және киноқорды цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр.
Аида Балаева онлайн-контент пен әдеп мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, интернеттегі әдепсіз сөздерге қатысты заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған, ал биылдың өзінде мұндай 50-ден астам құқықбұзушылық анықталып, ІІМ-ге хабарланған.
"Біз үшін басты мақсат — ашықтық, шығармашылық еркіндік және көрермен алдындағы жауапкершілік. Отандық киноны дамыту ісі жалғасады", - деді министр.
Министрдің сөзінше, бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ киносы жаңа белестерге көтеріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін
-
17:45, 6 желтоқсан 2025
«Боран, көктайғақ». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:52, 6 желтоқсан 2025
Кеңсайдағы өрт: бір отбасы баспанасы мен екі көлігінен айырылды
-
16:30, 6 желтоқсан 2025
Чернобылдағы саркофаг негізгі қауіпсіздік функциясын жоғалтты - МАГАТЭ
-
15:57, 6 желтоқсан 2025
Ақтөбедегі тұзға қатысты жағдай: Сауда министрлігі мәлімдеме жасады





