«Айбоз» ұлттық әдеби байқауы: Шығармалардың басым бөлігі проза мен поэзия жанрын қамтиды
© Сурет: әлеуметтік желіден алынды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына бүгінге дейін 64 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі келіп түскен 64 өтінімнің 26-сы "Үздік проза" номинациясына қатысты екенін нақтылайды. "Үздік драма" – 2 өтінім, "Үздік поэзия" - 21, "Үздік әдеби сын" аталымы бойынша – 1 өтінім, "Үздік әдеби аударма" - 4, "Үздік балалар әдебиеті" - 8, "Үздік комикс" номинациясына 2 өтінім.
Айта кетсек, әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден қарастырылған. Үміткерлердің өтінімі 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.
"Айбоз"» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады", - деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:33, 10 мамыр 2026
Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді
-
17:09, 10 мамыр 2026
Дзюдошы Айдар Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды
-
17:09, 10 мамыр 2026
Айдар Арапов Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
-
16:56, 10 мамыр 2026
Астанада көпқабатты пәтерде өрт шықты
-
16:25, 10 мамыр 2026
Үсік, бұршақ, дауыл: 11 мамырда қай өңірлерлер ескерту жасалды





