Адамдарға жануардың бүйрегін трансплантациялай бастады

13:14, 29 желтоқсан 2025

© Фото: pexels

Ғалымдардың пікірінше, алдағы уақытта шошқаның бүйректері адам бүйрегінің орнын басуы мүмкін. Тіпті олардың сапасы адам мүшелерінен жоғары болады деп күтілуде. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Шетелдік The Guardian басылымы Langone Health медициналық орталығының директоры әрі хирург Роберт Монтгомериге сілтеме жасап, генетикалық модификацияның арқасында мұндай органдарды адам ағзасының қабылдамау қаупі айтарлықтай төмендейтінін жазады.

"Сынақ аясындағы алғашқы трансплантация жүргізілді, ал келесі операция қаңтар айына жоспарланған", – делінген ақпаратта.

Жоспарға сәйкес, алты науқасқа генетикалық деңгейде 10 нүкте бойынша өзгертілген шошқа бүйректері салынбақ. Бұл өзгерістер ағзаның мүшені қабылдамау қаупін азайту үшін жасалған.

Егер АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау басқармасы (FDA) сынақтарды кеңейтуге рұқсат берсе, тағы 44 адамға шошқа бүйрегін трансплантациялау жоспарланып отыр.

Бұған дейін NASA-ның жаңа басшысы АҚШ-тың Айға қатысты ауқымды жоспарларын жариялағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!