Абзал Нүкенов Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференцияда маңызды пікір білдірді
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығы аясында "Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі" атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.
Конференция мерейтойлық датаға орай Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп ұйымдастыратын іс-шараларының бастамасы болды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі конференцияның ашылу салтанатында қатысушыларды айтулы мерейтоймен құттықтап, тарихи естеліктерді сақтауда екі елдің өзара байланысының маңызын атап өтті.
"Алматыда өтіп жатқан "Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі" конференциясы – елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тағы бір қадам. Соғыс туралы естеліктер – біздің ортақ тарихымыз, келешектегі бірлескен ынтымақтастықтың негізі. Жеңістің 80 жылдығы аясында және жалпы алғанда, біз үшін білім беру, өзін-өзі дамыту, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды", – деп атап өтті Абзал Нүкенов.
Конференция аясында 2025 жылға арналған Қазақстан-Ресей гуманитарлық ынтымақтастығы саласындағы іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Конференция бағдарламасы үш панельдік сессиядан тұрды. Атап айтсақ, "Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы көпір", "Жеңіс естелігін сақтауға арналған жастар қозғалыстары" және "Ортақ тарихты нығайтуға бағытталған заманауи жобалар" секілді сессиялар бар.
Атаулы мерейтой қарсаңында тараптар бірқатар бірлескен жобаларды жоспарлауда. Атап айтсақ, акциялар, форумдар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.
Бұған дейін дәл осы конференцияда Аида Балаева қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесіне кеңінен тоқталып, соғысқа республикадағы әрбір бесінші тұрғын қатысқанын айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 9 сәуір 2025
Лувр әлемдік мұражайлар рейтингінің көш басында
-
12:53, 9 сәуір 2025
Шығыс Қазақстанда бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған
-
12:45, 9 сәуір 2025
Иран мен Ирак және Сауд Арабиясы 2024 жылы өлім жазасы бойынша көш бастап тұр
-
12:21, 9 сәуір 2025
АҚШ қытайлық импортқа баж салығын 104%-ға дейін арттырды
-
12:12, 9 сәуір 2025
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің жобасы: үкімет қандай ымыраға келді
Танымал жаңалықтар
-
21:36, 8 сәуір 2025
-
22:10, 8 сәуір 2025
-
21:12, 8 сәуір 2025
-
21:56, 8 сәуір 2025
-
22:44, 8 сәуір 2025
-
16:45, 8 сәуір 2025
-
16:02, 8 сәуір 2025
-
16:59, 8 сәуір 2025
-
16:25, 8 сәуір 2025
-
15:39, 8 сәуір 2025
-
19:45, 8 сәуір 2025
-
16:17, 8 сәуір 2025
-
18:55, 8 сәуір 2025
-
20:57, 8 сәуір 2025
-
15:50, 8 сәуір 2025