Абай облысының тұрғыны жертөлені контрафакт алкоголь цехына айналдырған

09:29, 5 желтоқсан 2022

© Сурет: видеодан скриншот

Абай облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алкоголь өнімдерін сататын астыртын цехты жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны заңсыз әрекетпен айналысқан. Ол жертөледе спиртті қолдан құюға арналған желіні жасаған, деп жазды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары контрабанда жасаушының үйінен түрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тапты.

Тәркіленген алкогольдің жалпы құны 2,5 миллион теңгеден асады.

Заңсыз өнімдердің үлгілері физика-химиялық сараптамаға жіберілді.

"Аталған факті тіркеуге алынып, іс жүргізушілік шешім қабылдау үшін Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді".Абай облысының ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Әсет Шахантаев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!