Абай облысында жылу беру маусымы үзіліп қалды: лауазымды тұлғалар жазаланды

17:40, 4 желтоқсан 2024

© Сурет: unsplash

Абай облысының прокуратурасы өңірде жылу беру маусымына дайындау мәселесіне талдау жүргізді. Облыс орталығында жылу маусымы 1 қазанда үзіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда басқа аудандарда жергілікті атқарушы органдарының жылу беру маусымына дұрыс дайындалмағаны анықталды.

Аягөз ауданында бұл қазандықтың іске қосылуының тоқтатылуына, ал Жарма ауданында жабдықты жөндеу жұмыстарының кешігуіне әкеліп соққан.

Прокуратураның актісімен аталған аудандарда жылу беру маусымын бұзғаны үшін, Аягөз ауданының әкімі мен облыс әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, "Жарма-Су" КМК директоры қызметінен босатылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!