2013 жылы шыққан 1000 теңгелікті қабылдамайтын кәсіпкерлерге айыппұл салынады

16:14, 16 қаңтар 2020

Түркі жазуындағы "Күлтегін" ескерткішіне арналған 2013 жылғы 1000 теңгелік банкнот - заңды төлем құралы. Ол барлық төлем түрлерінде қабылдануы керек. Банкноталар тек әбден тозған жағдайда айналымнан алынады, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Егер кәсіпкерлер мұндай ақшаны қабылдаудан бас тартса, онда оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес, ескерту жасалады. Егер жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, онда 5-тен 25 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады, делінген хабарламада.

Егер бұл ақшаны қабылдаудан бас тартқан біреулер болса, онда Ұлттық банктің өңірлік филиалына хабарласу қажет. Олар қажетті шараларды қолданады.

- Ақшаны алмаған жағдайда мұны видеоға түсіріп, не болмаса Сізден бұл ақшаны қабылдай алмайтынын жазбаша жазып беруін талап етіңіз, - дейді Ұлттық банктегілер.

2020 жылғы есеп бойынша, 1 АЕК - 2 651 теңге.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!