2023 жылы қазақстандықтар қалай демалады
© Сурет: Zakon.kz
2023 жылы қазақстандықтар үшін ұзақ демалыс күндері сирек болады. Мысалы Жаңа жыл мейрамында небәрі 3 күн демалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биылғы Рождество сенбіге келеді. Дегенмен мереке демалыс күніне түссе де, басқа күнге ауыстырылмайды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні сәрсенбі күніне түседі. Бұл күні 1 күн демаламыз.
Наурыз мейрамын тойлауға 3 күн демалыс беріледі. Ол сейсенбі, сірсенбі, бейсенбі күндеріне сәйкес келеді. Яғни қазақстандықтар 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады.
Ал мамыр айында біз 3 мерекені қатар тойлаймыз. Сәйкесінше 4 демалыс күнін атап өтеміз:
- 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні – жексенбіге түсіп, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша екі күн қатар тойланады.
- 9 мамыр – Жеңіс күні – сейсенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Құрбан айт сәрсенбіге сәйкес келеді. Биыл оны 28 маусымда тойлаймыз.
Қазақстанда 2023 жылы демалыс күндерін ауыстыруға байланысты 6 шілдеде Астана күніне 4 күн демалыс жоспарланған. 6 және 7 шілде, содан кейін тағы 2 күн - сенбі және жексенбі. Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.
30 тамызда бір күн демаламыз. Конституция күні биыл сәрсенбіге сәйкес келеді.
25 қазан – Республика күні – біз де бір күн демаламыз, сәрсенбіге келеді.
Желтоқсан айында Тәуелсіздік күні 3 күн демалыс болады: 16, 17 және 18 желтоқсан (демалыс күнінің кейінге шегерілуіне байланысты).

Сурет: Zakon.kz
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





