2025 жылы Қазақстанда қандай заңдар қабылдануы мүмкін
© Фото: Zakon.kz
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев 2024 жылғы 6 қарашада өткен Үкімет отырысында Министрлер Кабинетінің келесі жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Әділет министрлігі Мемлекет басшысының, Үкімет басшылығының тапсырмалары, стратегиялық құжаттар, мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспарының жобасын дайындағанын атап өтті.
"Жоспар жобасымен 2025 жылы денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, баламалы энергетиканы, телекоммуникация нарығын дамыту және басқа да өзекті бағыттар бойынша 19 заң жобасын әзірлеу көзделген. 19 жоспарлы заң жобасының алтауы жаңа редакциядағы заң жобалары, 13-і қолданыстағы заңдарға түзетулер енгізуді көздейді", – деп нақтылады Азамат Есқараев.
Атап айтқанда, экономикалық белсенділікті ынталандырудың және осы саланың одан әрі серпінді дамуының өзекті міндеттеріне жауап беретін банктер туралы жаңа заң мен ілеспе заң жобасын әзірлеу жоспарлануда.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесінің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың кез келген нысандарына қарсы күрестің инновациялық және цифрлық әдістерін дамыту және олардың алдын алу, сондай-ақ құқық қолдану практикасын оңайлату үшін "құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заң жобасын жаңа редакцияда және оған ілеспе заң жобасын әзірлеу көзделген.
Бұдан басқа, жоспардың жобасында келесі жылы бюджеттің мүмкіндіктері мен міндеттемелерін ескере отырып, базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін, сондай-ақ осы саланы дамыту мақсатында телекоммуникациялар мен деректерді өңдеу орталықтары мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу көзделген.
"Сондай-ақ сайланбалы заңнаманы жетілдіруге және баламалы энергия көздері саласын дамытуға бағытталған заң жобаларын әзірлеу жоспарлануда. Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жоспар жобасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заң жобасын жаңа редакцияда және оған ілеспе заң жобасын әзірлеу көзделген. Заң жобасы сервистік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген, түпкілікті нәтижеге бағдарланған мемлекеттік қызмет моделін қалыптастыруға, Мемлекеттік қызметтің гибридті моделін пайдалана отырып, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған", – деп толықтырды Азамат Есқараев.
Бұдан басқа, жоспардың жобасы республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы жыл сайынғы негізде әзірленетін заң жобаларын көздейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды