2026 жылы бизнеске шамамен 24 млрд теңге субсидия қажет болады
© Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылға арналған мемлекеттік қолдау аясында бизнестің қажеттіліктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған "Ауыл аманаты", "Бір ауыл – бір өнім" сияқты бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламалар өңдеуді, қолөнерді және жергілікті ресурстарға негізделген шағын өндірістерді дамытуға бағытталған.
"Аталған бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан жобалар, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жобалары да, бірыңғай "Іскер аймақ" бағдарламасы шеңберінде қосымша қолдауға ие бола алады. Олар субсидиялар, инфрақұрылымдық және қаржылай емес мемлекеттік қолдау алу кезінде басым тәртіппен қаралады", – деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ ол бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін несиелердің жылдық жалпы көлемі шамамен 400 млрд теңгені құрайтынын атап өтті.
"2026 жылға арналған субсидиялауға деген жылдық қажеттілік шамамен 24 млрд теңге. Ал алғашқы жылы 5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетіледі деп күтіліп отыр. Бағдарламаға микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысады", – деп толықтырды министр.
Бұған дейін мемлекет 2026 жылы бизнеске қосымша қаржылай қолдау көрсететіні хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:51, 23 желтоқсан 2025
Әлемнің экс-бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды
-
16:49, 23 желтоқсан 2025
Тоқаев Президент Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісін тағайындады
-
16:43, 23 желтоқсан 2025
ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі тағайындалды
-
16:31, 23 желтоқсан 2025
Қаңтардағы ҰБТ-ға кім қатыса алады: толық тізім
-
16:23, 23 желтоқсан 2025
Астанада боран, Алматыда жаңбыр мен қар, Шымкентте +8°C: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы





