Күштік құрылым қызметкерлерін жұмыстан шығаруға «мораторий» енгізіледі - фейк

18:48, 13 тамыз 2026
MKZ: 1561199

© Фото: zakon.kz

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мессенджерлерде "жұмыстан босатуға және кадрлық ауыс-түйістерге қатысты "мораторий" енгізілетіні туралы" тарап жатқан ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 13 тамызда орталықтың ресми Telegram арнасында хабарланды:

"Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мессенджерлердегі чаттарда 2026 жылғы қараша айынан 2027 жылғы ақпан айына дейін Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштерінің қызметкерлерін жұмыстан босатуға және кадрлық ауыс-түйістерге толық тыйым салынады деген мазмұндағы мәтіннің таралуын тіркеді".

Ақпараттың шынайылығына көз жеткізу үшін оның авторлары Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 3 маусымдағы №295-VIII "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сілтеме жасағаны нақтыланады.

Фейк, Қазақстан, қауіпсіздік қызметкерлері, жұмыстан шығару, мораторий, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 18:48

Сурет: Telegram/JAQortcomkz

"Аталған заңның бар екені рас болғанымен, онда мұндай ережелер көзделмеген. Заңда көрсетілген кезеңге жұмыстан босатуға, ауыстыруға, тағайындауға немесе өзге де кадрлық ауыс-түйістерге мораторий енгізу туралы нормалар жоқ". Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

Ақпараттың шынайы еместігінің тағы бір белгісі – таратылып жатқан мәтінде құжаттың міндетті деректемелерінің көрсетілмеуі. Атап айтқанда, өкім шығарған мемлекеттік орган, құжаттың күні мен нөмірі, мораторий енгізуге негіз болатын заңнаманың нақты нормасы, сондай-ақ тапсырма кімнің атынан берілгені көрсетілмеген.

"Осылайша, бұл жағдайда нақты нормативтік құқықтық акт оның құрамында жоқ ақпараттың шынайылығына көз жеткізу құралы ретінде пайдаланылған". Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осындай хабарламаларды дереккөзі мен құжаттың деректемелерін ресми мемлекеттік ақпараттық ресурстар арқылы тексермей таратпауға кеңес береді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!