2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 желтоқсанда "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2026 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз);
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
- мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
- ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);
- ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).
Заңда жасына байланысты және еңбек өтілі үшін төленетін зейнетақы мөлшерлері 10% көбейетіні көрсетілген.
Сондай-ақ, мемлекет төлейтін МӘМС жарнасы — есептеу базасының 2% мөлшерінде белгіленді.
Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін президенттің 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:44, 21 қыркүйек 2026
Рыбакинаның алғашқы жаттықтырушысы Еленамен жұмыс істеген кезеңін еске алды
-
09:35, 21 қыркүйек 2026
Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау тарифі төмендетіледі
-
09:23, 21 қыркүйек 2026
«Басым ауырмайды, белім қақсамайды»: Динара Сәтжан төлқұжаттағы жасына қатысты ағынан жарылды
-
09:12, 21 қыркүйек 2026
ДСМ екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық парағы берілетін аурулар тізбесін нақтылайды
-
09:00, 21 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады





