2025 жылдың қазан айында қазақстандықтар неше күн демалады

11:31, 16 қыркүйек 2025
MKZ: 1503731

© Фото: pexels

Қазақстанда 25 қазанда ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Республика күні сенбіге түсіп отыр. Бұл демалыс күнін дүйсенбі, 27 қазанға ауыстыру есебінен қосымша бір күн демалыс береді. Нәтижесінде қазақстандықтар үш күн қатарынан: 25, 26 және 27 қазанда демалады.

2025 жылдың қазан айындағы демалыс күндері:

  • бес күндік жұмыс аптасында: 25, 26, 27 қазан;
  • алты күндік жұмыс аптасында: 25, 26 қазан – демалыс, 27 қазан – жұмыс күні.

Жалпы алғанда, бес күндік жұмыс аптасында қазан айында 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мереке. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

Бес жылдан кейін, 1995 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 25 қазан Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күні болып жарияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!