2019 жылдан бері Қазақстанның экономикасы 30%-ға жуық өсті – Президент
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында ел экономикасы мен әлеуметтік саланың даму көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, қоғамның барлық саласында жүргізілген реформалар ел дамуына тың серпін берді.
"Қоғамның барлық саласын қамтыған реформалар еліміздің дамуына тың серпін берді. 2019 жылдан бері экономикамыз 30 пайызға жуық өсті. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 15 мың доллардан асты. "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында 7 миллион баланың есепшотына 2,5 миллиард доллар қаржы аударылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысы мен халықтың өмір сүру ұзақтығы бойынша да оң нәтижелер бар екенін атап өтті.
"Былтыр 20 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша біздің аймақта көш бастап тұр", – деді президент.
Тоқаев ұлттық экономиканың әлеуетін арттыруға басымдық беріліп отырғанын айтты.
"Біз ұлттық экономиканың әлеуетін күшейтуге басымдық беріп, баса назар аударып отырмыз. Әлемдегі ең ықпалды елдердің қатарына қосылып, 34-орында тұрмыз. Еліміздің жалпы ішкі өнім көлемі 350 миллиард долларға жетіп келе жатыр. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі екінші орын деген сөз", – деді мемлекет басшысы.
Президент шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі мен халықты жұмыспен қамтудағы рөліне де тоқталды.
"Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі айтарлықтай артты, яғни 40 пайызға жетті. Кәсіпкерлеріміз отандық тауар өндірісін ұлғайтып, жаңа іскерлік мәдениеті қалыптасуда. Бүгінде осы салада еліміздегі еңбекке жарамды азаматтардың жартысына жуығы жұмыс істеп жүр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:13, 23 қазан 2026
Оралда жүк көлігі қағып, ауыр жарақат алған балаға 10 млн теңге өтемақы тағайындалды
-
14:05, 23 қазан 2026
Ақмола облысында заңсыз алтын іздеушілерді ұстау кезінде полиция аспанға оқ атты
-
13:53, 23 қазан 2026
Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады
-
13:48, 23 қазан 2026
Ақордада «Астана-Көгалдандыру құрылысы» мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына «Құрмет» ордені табысталды
-
13:36, 23 қазан 2026
Республика күнінің қарсаңында адал еңбегімен үлгі болған екі мыңнан астам азамат марапатталды





