4 желтоқсаннан бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді
© Фото: Zakon.kz
Бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған заң күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты.
"Бұл өзгерістердің негізгі мәні автоматты түрде тіркеу жүйелерімен анықталатын түзу сызықты учаскелерде "орташа жылдамдықтан" асып кеткені үшін жауапкершілікті енгізу болып табылады. "Орташа жылдамдық" жүріп өткен жолды сол жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі",– деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Айыппұл рұқсат етілген "орташа жылдамдықтан" асып кетуіне байланысты 5-тен 40 АЕК-ке дейін болады. Яғни, жолдардың әр түрлі учаскелерінде "орташа жылдамдық" әр түрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі.
Бұл жаңалық талдауды ескере отырып енгізілді, себебі қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуінің салдарынан көз жұмған.
"Осы өзгерістерге байланысты ІІМ жол жүрісіне қатысушылардың барлыған қағидаларды сақтауға және басқа қатысушыларды құрметтеуге шақырады. Жолдағы қауіпсіздікті арттыру — бұл ортақ міндет", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:38, 5 желтоқсан 2024
Павлодарда педофил 20 жылға сотталды
-
00:29, 5 желтоқсан 2024
Ақтөбеде шағын автобус пен көлік соқтығысты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар
-
23:56, 4 желтоқсан 2024
Қазақстандық теннисші БАӘ-де өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты
-
23:26, 4 желтоқсан 2024
Шымкентте жол апатынан жүкті әйел жарақат алды
-
22:56, 4 желтоқсан 2024
Алматыда сотталушы қарауылшы жасақтың қызметтік көлігінен қашып кетті