20 жасында үйлі болғандар екі есе көп бала сүйеді: «Отбасы банк» басшысы мәлімдеме жасады
© Сурет: pixabay
"Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова 2026 жылғы 11 тамызда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық жастардың ипотека рәсімдей алмауына байланысты әлемдік үрдістерге сүйеніп мысал келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Бразилия, Сингапур және АҚШ-та жүргізілген демографиялық зерттеулердің деректеріне сүйене отырып, баспанаға қол жеткізу уақыты мен бала туу көрсеткіші арасында тікелей әрі елеулі байланыс бар екенін жеткізді.
"Егер адамдар баспананы 20-дан енді асқан жасында алса, мұндай жанұяларда 30 немесе 40 жастан кейін баспана мәселесін шешетін отбасыларға қарағанда шамамен екі есе көп бала дүниеге келеді. Бүгінде көптеген елдерде баспанаға қол жеткізудің қиындағаны байқалады. Әсіресе жас отбасылар арасында. Бұл, сөзсіз, бала сүю туралы шешімге әсер етеді", – деді Ләззат Ибрагимова
Оның айтуынша, бұл факторды несие беру туралы шешім қабылдау кезінде ескеру қажет.
"Жасанды интеллектіні енгізу – қазір біз министрлікпен талқылап жатқан бағыттардың бірі және оны одан әрі дамыту қажет. Адамның баспанаға деген қажеттілігін анықтау кезінде отбасының бірнеше буынының жағдайын бірден ескеру керек. Мысалы, 25 жастағы екі адам баспана алуға өтініш берсе, ата-анасы алыста, мәселен, ауылдық жерде, Катонқарағай ауданында тұратын адамға басымдық берілуі тиіс. Ал егер екі өтініш берушінің де ата-анасы Астанада тұрып, екі жақтың да өз пәтері бар болса, мұндай адамның өз мүмкіндігі жоғары екені анық. Сондықтан жасанды интеллект пен үлкен деректерді өңдеу осындай факторларды ескеруге, баспананы бөлудің әділеттірек жүйесін қалыптастыруға және қолданыстағы мәселелерге тиімді жауап беруге мүмкіндік береді", – деді банк басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Ибрагимова Қазақстандағы кезекте тұрған азаматтардың баспана кілтін қашан және қанша мөлшерде алуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды
-
18:18, 5 қыркүйек 2026
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
-
18:05, 5 қыркүйек 2026
7-30 қыркүйекте үш облыста әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
-
17:33, 5 қыркүйек 2026
1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
17:01, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады





