16 жастағы Заңғар Нұрланұлы әлемнің 1-ракеткасымен бірге жаттықты
© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы Аустралияның Мельбурн қаласында әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен бірге жаттықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 40-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Синнердің аустралиялық Алекс де Минормен ширек финалдағы ойынына дайындалуына жәрдемдесті.
Биыл жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатына қатысқан Заңғар жекелей сында екінші айналымға дейін жетті.
Сонымен қатар үндістандық Криш Тиаджимен бірге жұптық сында өнер көрсетіп, онда да бір ойынын жеңіспен аяқтады.
Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінде өнер көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:47, 23 қаңтар 2025
Бивол Бетербиевпен өтетін жекпе-жекке дайындығын көрсетті
-
11:34, 23 қаңтар 2025
Бокстан 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді
-
11:23, 23 қаңтар 2025
«Гипнозбен арбап несие алдыртқан»: Ақтөбеде жүз шақты адам емшіге алданған
-
11:12, 23 қаңтар 2025
Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрі эксперимент жүргізді
-
11:01, 23 қаңтар 2025
Вице-министр: Көктемгі су тасқыны кезеңіне 50% дайынбыз