Астаналық полицейлер мопедистерге жүгінді

14:28, 22 қаңтар 2025

© Фото: unsplash

Астана полициясы мопед жүргізушілеріне темір тұлпарларын уақытылы тіркеу қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2025 жылдың 5-ші сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілетіндігін нақтылады.


"Бұл оларды пайдалану үшін полицияда тіркеу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы, техникалық тексеруден өту, азаматтық-жауапкершілікті сақтандырудан өту қажеттігін білдіреді. Тіркелу үшін тұрғылықты жер бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттармен жүгіну қажет, яғни жеке куәлікпен, мопедтің техникалық құжатымен немесе сипаттамаларымен. Осыдан кейін, өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік БАЖ-дарды төлеу қажет",- деп түсіндірді ПД.

Сондай-ақ, 2025 жылдың 5-ші сәуірінен бастап тіркелмеген және А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігінсіз мопедтерді пайдалануға тыйым салынатындығы ескертілді.

Бұған дейін Алматыда алғашқы мопед тіркелгендігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!