10 жастағы бала анасын пышақ ала жүгірген әкесінен аман алып қалды
"Бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде" деген қазақ қоғамында зорлық-зомбылық қашан да болды. Түрлі әлеуметтік проблемалар, тұрмыстың тауқіметі, зиянды әдеттер ер мен әйелді екі жаққа кетіріп тындыруда. Тыныш кетсе жарайды... Алайда соңғы жылдары бұрынғы күйеулерінің соққысына ұшырап, сау-тамтығы қалмай, тіпті балаларының әкесінің қолынан мерт болып жатқан әйелдер көп.
Осындай өлім аузынан қалған елордалық Эльмира есімді келіншек "Пендеміз ғой" бағдарламасына келіп, басынан өткен жайтты баяндап берді.
Кезекті рет балаларын көруге ішіп келген әке бұрынғы әйелін соққыға жыққан. Өзімен қоймай, әйелдің сіңлісін де қоса сабаған. Асүйден пышақ алып, тұра жүгірген әкені 10 жасар ұлы тоқтатып, анасын аман алып қалды.
Ол анамды ұрып жатқан, пышақтайын дегенде артынан келіп, қолын өзіме тартып, пышақты алып алдым. Сөйттім де, итеріп жібердім. Қайта ұрайын деп жатқанда есікті жауып үлгердік, - дейді ержүрек кішкентай батыр.
Ажырасқан күйеуінен таяқ жеп, көзі қанталаған келіншек балаларын асырау үшін үш жұмыста: такси жүргізіп, үйлердің кіреберісін жуып, курьер болып жұмыс жасап жүр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:32, 8 желтоқсан 2025
Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты
-
10:23, 8 желтоқсан 2025
Өзбекстанда той үстінде қайын енесі келінімен қақтығысқа түсе жаздады
-
10:18, 8 желтоқсан 2025
Мемлекеттік сатып алулар: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС қалай есептеледі
-
10:04, 8 желтоқсан 2025
Қазақстандағы ДНҚ деректері ресейлік тергеуге көмектесті
-
09:52, 8 желтоқсан 2025
Қазақстанда дәрі-дәрмектерді белгілеу механизмі жаңартылады





