21 жасқа толмаған қазақстандықтарға ресми келісімсіз несие берілмейді
© Сурет: senate.parlam.kz
2025 жылғы 9 сәуірде өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар кепілсіз тұтынушылық несиені "электрондық үкімет" порталы арқылы келісім алғаннан кейін ғана ала алады. Бұл норма заңға тәуелді актілерде жазылады.
Жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Стамбеков сол уақыттан бері депутаттар құжатқа бірқатар жаңа норма енгізгенін хабарлады. Оның ішінде кепілсіз тұтынушылық онлайн-несиелерді беру кезінде "салқындату кезеңін" (24 сағат) енгізу, бірінші рет несие алатын азаматтар үшін банкте немесе микроқаржы ұйымының филиалында міндетті түрде болуы, азаматтардың жекелеген санаттарына кепілсіз тұтынушылық несиелерді тек "электронды үкімет" арқылы олардың келісімін алғаннан кейін ғана беру талаптары бар.
Сондай-ақ ұялы телефон абонентімен байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасу кезінде міндетті биометриялық сәйкестендіруді енгізу, әскери қызметшілерге әскери борышын өтеу кезінде несиелер мен микрокредиттер беруге тыйым салу және басқа да нормалар қарастырылған.
Депутаттар қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін азаматтарға, оның ішінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарына қосымша шаралар қарастырған. Бұл санаттағы азаматтардың экономикалық жағдайы нашарласа, міндетті түрде кемінде үш ай мерзімге айыппұл есептемей несие мен микрокредиттер төлеу кейінге шегеріледі. Сондай-ақ олардың ай сайынғы төлемі 50 пайызға немесе одан да көп мөлшерге азайтылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:53, 22 сәуір 2025
Жер тұрғындары жасыл түсті кометаның ғажайып жарқылын көрмеуі мүмкін – жаңа зерттеу
-
10:36, 22 сәуір 2025
Павлодарда биыл мал жаю ережелерін бұзған 300-ге жуық азамат жауапқа тартылды
-
10:21, 22 сәуір 2025
Ақмола облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған азамат сотталды
-
10:16, 22 сәуір 2025
Дмитрий Бивол ММА-да күресу туралы ұсынысқа жауап берді
-
10:15, 22 сәуір 2025
Астана полициясы ҰҚК қызметкерінің өлімін тергеп жатыр
Танымал жаңалықтар
-
11:25, 21 сәуір 2025
-
11:12, 21 сәуір 2025
-
14:27, 21 сәуір 2025
-
16:19, 21 сәуір 2025
-
12:45, 21 сәуір 2025
-
14:05, 21 сәуір 2025
-
13:45, 21 сәуір 2025
-
14:38, 21 сәуір 2025
-
20:58, 21 сәуір 2025
-
13:23, 21 сәуір 2025
-
17:31, 21 сәуір 2025
-
18:44, 21 сәуір 2025
-
19:17, 21 сәуір 2025
-
21:58, 21 сәуір 2025
-
18:33, 21 сәуір 2025