1-сыныпқа құжаттарды қабылдау қашаннан басталады

17:32, 3 наурыз 2021

© Сурет: inform.kz

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ата-аналар мектеп таңдауы бойынша алдын-ала шешім қабылдап, қажетті құжаттарды уақытында тапсырып, оқу құралдарын жинастыра алады. Сонда мектеп әкімшілігі алдын-ала сыныптарды жіктеуге, қажетті оқулықтарға тапсырыс беруге, сағаттарды үлестіруге, мұғалімдердің құрамын анықтауға мүмкіндік алады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

Өтінішті egov.kz арқылы толтыра аласыз.

Қандай құжаттар қажет:

1. ата-ананың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;
2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. 026 / y-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат - "Баланың денсаулық төлқұжаты";
4. 063 / у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
5. 3x4 өлшемінде екі сурет.

Өтінім бір жұмыс күні ішінде қаралады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!