29 сәуірдегі сауда қорытындысы: доллар бағамы күрт өсті

15:56, 29 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

29 сәуір күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 15:30-дағы мәліметке сәйкес, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 461,55 теңгені құрап, бірден 4,19 теңгеге өсті.

Сондай-ақ басқа шетел валюталарының бағамы да көтерілді:

Ресей рублі – 6,16 теңге (+0,04);

Қытай юані – 67,23 теңге (+0,34).

Айырбастау пункттерінде:

  • доллар 461,2–463,7 теңге аралығында;
  • еуро 540–545,6 теңге аралығында;
  • рубль 5,98–6,12 теңге аралығында саудаланды.

Сонымен қатар әлемдік мұнай нарығында да өсім байқалды.

ICE Futures электронды сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстері 3,07%-ға өсіп, барреліне 107,60 долларды құрады.

Ал NYMEX биржасында WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері 3,43%-ға қымбаттап, 103,36 долларға жетті.

Еске салсақ, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 457,21 теңге, еуроны 534,62 теңге, рубльді 6,08 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!